Бүгін түнде Рамазан айы басталады

Бүгін Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталады.

Бүгін түнде Рамазан айы басталады

Бүгін Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталады.

Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) үмбеті үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айының ерекшелігі--бұл ауыз бекітетін, жалпыға ортақ ізгі амалдар жүзеге асатын маусым, яғни, бұл айда игі мұсылман қауымының бес парызының бірі--ораза ұстау басталады. Жалпы «ораза» сөзінің мағынасы--бір нәрседен алыстау, белгілі бір уақыт аралығында ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу дегенді білдіреді.

Құран түсіріле бастаған Рамазан айында таварих  намазы оқылады. Пітір садақасы беріледі. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен бастап, Ораза айт намазына дейін беруге болады. Қадір түнінде мешіттерде таңға дейін рухани бағдарламалар ұйымдастырылады. Уағыз айтылып, Құран оқылып, жамағатпен дұға жасалады.

30 күн ұсталатын оразалардан кейін Ораза айт 15 маусым күні басталады.


Этикеттер: Рамазан айы , Ислам

Ұқсас жаңалықтар