850 турист тасымалдаған кеме Кушадасына келді

«Azamara Journey» атты кеме Кушадасы портына келіп тоқтады.

azamara Journey kusadasi2.jpg
azamara Journey kusadasi1.jpg

Малта жалауы болған «Azamara Journey» атты кеме 850 жолаушысымен Айдынның Кушадасы ауданындағы Эгей портына келіп тоқтады.

Дубай портынан шыққан кеме 102 күндік әлем сапары бағдарламасының 14-ші аялдамасында таңғы уақыттанда Кушадасына келді.

Эгей портына аялдаған крейсерден түскен  жолаушылардың көбі Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания азаматы еді. Олардың кейбіреулері Эфес және Мариям ана секілді тарихи жерлерді араласа, кейбіреулері қала орталығын аралап,  сыйлықтар алды.

Журналисттерге мәлімдеме жасаған Эгей порты директоры Азиз Гүнгөр кеменің тур аясында 27 елде 60 кемежайына аялдайтынын айтты.

Гөнгөр әлем кемежайлары арасында Кушадасының да орын алуының Түркия үшін мақтаныш екенін түсіндірді.

Кемемен саяхат жасаған АҚШ азаматы Kristine Giotto Түркияға келгеніне қатты қуынғанын білдіріп «Түркияға келгеніме қатты әсерлендім. Түркияның «Ғажайып ғасыр» аты сериалын көрдім. Түркияның тарихи мұрағаттарын біраз білемін. Сондықтан Түркияға келгеніме қуаныштымын» деді.

 


Этикеттер: АҚШ , Эфес

Ұқсас жаңалықтар