Жаңа Стамбұл әуежайынан ұшатын алғашқы рейстің бағыты белгіленді

Стамбұлдың жаңа әуежайынан ішкі және шетел бағыттарына ұшатын алғашқы рейстердің бағыты мен күні белгіленді.

Жаңа Стамбұл әуежайынан ұшатын алғашқы рейстің бағыты белгіленді

Стамбұлдың жаңа әуежайынан ішкі және шетел бағыттарына ұшатын алғашқы рейстердің бағыты мен күні белгіленді.

95 пайыз құрылыс жұмыстары аяқталған  әуежайын көшіру жұмыстары 29 қазан күні басталады.

Стамбұл Жаңа әуежайынан алғашқы рейс болса 2018 жылы 31 қазан күні жергілікті уақытпен сағат 14:00-де Стамбұлдан бас қала Анкараға жасалады.

Шетел бағытына алғашқы рейс болса Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) мен Әзірбайжанға ұшады.

Көшіру операциясының шамамен 45 сағатқа созылатынын атап көрсеткен Түрік әуе жолдары (ТӘЖ) Атқару кеңесі төрағасы Илкер Айджы «Жаңа әуежайға өтумен бірге авиация тарихының ең үлкен көші басталады. Жалпы 15 мың жер көлігі көшіріледі. Тасымалдау операциясында 15 мың жүк көлігі қолданамыз. ТӘЖ жаңа әуежайында 10 мың текше метрлік арнайы жолаушы залы (launch) болады. 40 мың көлік үшін автопарк ашылады» деді.



Ұқсас жаңалықтар