Түрік фильмі Лондонда көрсетілді

Нури Билге Джейланның фильмі Лондон фильм фестивалі аясында көрсетілді.

Түрік фильмі Лондонда көрсетілді

Режиссер Нури Билге Джейланның «Ахлат ағашы» атты фильмі Лондон фильм фестивалі аясында көрсетілді.

Фильм 62-ші Лондон фильм фестивалінде Юнус Эмре Институтының қолдауымен көрсетілді. Лондондағы беделді кинотеатрлардың бірінде 400 адамдық залдағы көрсетілімге режиссердің өзі де қатысты.

Әдебиетті жақсы көретін Синан атты жігіттің Анадолыда туған жеріне қайтып келуімен басталған хикая көрермендердің көңілінен шықты.

«Ахлат ағашы» фильмі Оскар сыйлығына да кандидат болған еді.



Ұқсас жаңалықтар