Әлемнің үздіктері атанды

Түріктің екі садақшысы әлемнің үздік спортшылары атанды.

Yasemin Ecem Anagöz.jpg

Түрік спортшылар Мете Газоз бен Ясемин Эджем Анагөз категорияларында әлемде жылдың үздік спортшылары атанды.

Түрік садақшылар Мете Газоз бен Ясемин Эджем Анагөздің табысы жөнінде Түркия Садақ федерациясы хабарлады.

Бүкіләлемдік Садақ федерациясының жыл сайын ұйымдастырылатын байқауының жеңімпаздары анықталды.  Классикалық садақ спортында ерлерде Мете Газоз, әйелдерде Ясемин Эджем Анагөз жылдың үздік спортшысы атағына лайықты деп табылды.

Мете Газоз былтыр Еуропа Жастар чемпионатында үш алтын медаль алып,  Әлем кубогының 4-ші сатысында,  Жерорта теңізі ойындарында және Еуропа Гран при сайысында жеңіске жеткен болатын.

Ясемин Эджем Анагөз болса Польшада өткен Еуропа чемпионатында алтын медаль алған еді.

Екі спортшы 2018 жылы рекордтарымен де күн тәртібіне келді.



Ұқсас жаңалықтар