Тарихта бүгін 9 ақпан

Тарихта 9 ақпан  күндері не болған екен?

Тарихта бүгін 9 ақпан

Бүгін 9 ақпан. Тарихта 9 ақпан  күндері не болған екен?

1788 жылы 9 ақпанда Австрия Османлы-Ресей соғысына қосылды. Австрия 1787-1792 жылдары Османлы-Ресей соғысы барысында Ресейдің жанында соғысқа қатысып, Османлының үлкен жеңіліске ұшырауына себеп болды.

***

1934 жылы  9 ақпан күні Балкан келісіміне Түркия, Грекия, Югославия және Румыния арасында Афиныда қол қойылды. Осы келісім бойынша Балкан елдері бір-бірлерінің байлықтарына құрмет көрсетеді. Осылайша Балкан елдері шекараларын өзара кепілдікке алған болды.

***

1965 жылы 9 ақпанда Вьетнам соғысы: Алғаш рет АҚШ әскерлері Оңтүстік Вьетнамға жіберілді. Вьетнам соғысы-- Шығыс блок елдері болған Солтүстік Вьетнам, Қытай және Кеңес Одағы мен АҚШ-ты жақтайтын Оңтүстік Вьетнам және АҚШ арасындағы соғыс.

***

1968 жылы 9 ақпан күні алғашқы әйел жол полициясы міндетіне бастады. Стамбул Эминөну алаңында жолды басқарған қызметкер Фикрие Яуыз Түркияның тұңғыш әйел жол полициясы болу атағына ие болды.

***

1986 ақпанда Галлей атындағы құйрықты жұлдызы күнге ең жақын қашықтықта болған. 20-шы ғасырдың ішінде бұл екінші сапары. Әр 75–76 жылда бір рет көрінетін құйрықты жұлдыз орбитасын адам өмірі ішінде тамамдайтын көзбен көрінетін тек құйрықты жұлдыз болып табылады. Есеп бойынша 2061 жылы қайтадан көрінеді.

 


Этикеттер: Османлы , Ресей , АҚШ , тарих

Ұқсас жаңалықтар