Тарихта бүгін 12 ақпан

Тарихта 12 ақпан  күндері не болған екен?

Тарихта бүгін 12 ақпан

Бүгін 12 ақпан. Тарихта 12 ақпан  күндері не болған екен?

1912 жылы 12 ақпан күні 6 жасар Қытай Императоры Руий тақтан түсірілді. Осылайша екі мың жылдық Қытай Императорлығы және 267 жылдық Маньчжурия билігі аяқталған болды.

Кіші әкесінің қайтыс болуына орай үш жасында таққа шығарған және 1911 жылғы төңкерістен кейін тақтан түсірілген Руий  1924 жылы жасырын түрде Пекиннен кетіп, Тиняньжиндегі Жапония басқаруындағы орынға қоныстанды. Жапондықтар тарапынан 1932 жылы мемлекет басшысы деп жарияланды және 1934 жылы Гаңды атымен Маньчжурия  Императорлығының патшасы болады. Екінші Дүниежүзілік соғысынан кейін 1945 жылы тамыз айында орыстардың қолына түседі.

1950 жылы соғыс қылмыскері ретінде сотталу үшін Қытайға тапсырып беріледі. 1959 жылы кешірілгеннен кейін Пекинде ботаникалық саябағының машина жөндеу орнында жұмыс істейді.

Барша әлем қызыға тамашалаған «The Last Emperor» (Соңғы Император» атты фильм Руийнің өмірбаяны негізінде түсірілді. Бұл фильм 1988 жылы ең үздік фильм және ең үздік кинорежиссер секілді 9 салада Оскар сыйлығын алды.

***

1914 жылы 12 ақпанда Түркия да ұшақпен алғашқы әуе поштасын жүзеге асырды. Ұшқыш капитан Исмаил Хаккы Бей қолданған ұшақ пошталарды  Никосия мен Билежик арасында тасымалдады. Жай пошта бағасынан тіпті қымбат болған әуе поштасы маркаларында ұшақ, баллон және құс сынды суреттердің қолданылуы, осылайша пошта маркаларының түрленуі, марка коллекцияшылығының да жарыққа шығуына себеп болды.

***

«Сервети Фүнун» дәуірінің ақыны және жазушысы Женап Шахабеттиннің миына қан жүгіріп, 1934 жылы 12 ақпан күні қайтыс болды. Өте жақсы білім алған Жинап Шахабеттин алғашқы өлеңін 1885 жылы «Сағат» газетінде жариялады.  Османлыда 1860 жылынан осы таңға дейін жалғасқан Шығыс пен Батыс арасындағы күресті, батыс әдебиетін нақтылы белгілеген «Сервети Фүнун» дәуірінің ең маңызды жазушыларының бірі болды. Жаңашыл өлеңдері арқылы бір дәуірдің ең әйгілі ақыны болған Женап Шахабеттин сонымен қатар ғылыми мақала жазған және драматургиямен де айналысқан.

***

Бұрынғы Югославияның мемлекет басшысы Слободан Милошевичтің соты 2002 жылы 12 ақпанда БҰҰ соғыс қылмыскерлері сотында басталды. Босния соғысындағы қырғындар және істеген адамдық қылмысы себепті 66 бөлек қылмыстан сотталған Милошевич 2001 жылы 1 сәуірде Белград түрмесіне қамалады. Милошевич сот процесі аяқталмай қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар