Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер Түркия үшін маңызды хабарларға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Америка Құрама Штаттары виза дағдарысын шешу үшін қозғалысқа өтті,  делегация жібереді» деген тақырыппен хабар жариялаған. АҚШ Сыртқы істер министрлігінен бір делегацияның виза дағдарысына байланысты келіссөз жүргізу мақсатымен алдымыздағы апта Түркияға келетіні алға тартылды. АҚШ Сыртқы істер министрлігі лауазымдылары делегацияға Сыртқы істер министрлігі кеңесшісінің орынбасары Джонатан Кохеннің басшылық жасайтынын білдірді. АҚШ елшілігі жексенбі күні түнде Твидтер есебінен Түркияға визалардың берілмейтінін хабарлап, АҚШ-тағы Түркия елшілігі де осындай шешім қабылдағанан жариялаған еді. Президент Ердоған да осындай жауаптың қайтарылуы үшін нұсқауды өзі бергенін айтты. АҚШ бас консулдығында жұмыс істейтін бір кісі Фетуллахшы террор ұйымымен қатысы бар деген айыптаумен тұтқындалған болатын.

Стар газеті «Түркия Жерорта теңізінен үмітті» деген хабар жариялаған.  Анталиядағы Энергия саммитінде сұрақтарға жауап берген ТР Энергия және табиғи ресурстар министрі Берат Албайрак мұнай мен табиғи газда алғашқы терең бұрғылаудың 2018 жылдың басында Жерорта теңізінде болатынын айтты.  «Жерорта теңізінен үміттіміз» деді ол.  Жерорта теңізіндегі бұрғы жұмыстары жөнінде министр Албайрак Түркияның жоғары лигаға көтерілуі үшін энергияда шет елдерге тәуелділіктің азаюының маңызды екенін атап көрсетті.

Сабах газеті «Террор дәлізіне 4 операция» деген хабар жариялаған.  Түркияның Ирак пен Сирияның солтүстігінде террор дәлізі ойынына қарсы жүргізетін әскери жоспары мынадай: Хатай-Рейханлы шекара желісінен Идлибке кірген Еркін Сирия армиясы мен түрік әскерінің бірінші ротасы Идлибтің солтүстігіндегі Дар та Иззах болады. операция жоспарында бірінші нысана болып табылатын Идлибтегі террористтердің тазалануы үшін «сыпырғы операциясы» осы жерден басқарылады. Идлиб терроризмнен тазаланғаннан кейін Идлиб-Дар та Иззах желісі қалыптастырылуы жоспарланған «өту дәлізінің» бірінші сатысы болады.  операцияның екінші сатысында өту дәлізін Евфрат қалқаны аймағына жеткізетін қадам басылады. Террор ұйымы YPG-ні тұншықтыру операциясы аясында террор ұйымының бақылауындағы Афринның оңтүстігіндегі арабтар тұратын Тел Рыфат ауданы террористтерден  тазаланып,  сенімді аймақ қалыптастырылады.

Ватан газеті «Түркия мен Иран арасында ақпарат ынтымақтастығы» деген хабарға орын берген.  Соңғы кезде дипломатия жұмыстарын арттырған Түркия мен Иран бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға қарсы ортақ күрес бастайды.  Терроризмге қарсы шекара қауіпсіздігі,  ақпарат бөлісу және координация тақырыптарында бірге қозғалады.  Алғашқы сатыда екі ел арасында террор ұйымының байланысының үзілуі және азайтылуы мақсат етіледі.

Хабертүрік газеті отандық танк туралы хабарға орын берген. Қорғаныс өнеркәсібі кеңесшісі Исмаил Демир ел көлемінде жетілдірілген шайқас танкы Алтайдың жаппай өндірілуі үшін тендер ашылатынын білдірді. Демир MÜSİAD тарапынан өткізілген конференцияда Алтай танкының жаппай өндірілуі үшін «Қазір ұсыныс қабылдаудамыз» деді. Бұрынғы Ұлттық қорғаныс министрі Фикри Ышык та шілде айында жаппай өндіру үшін тендер өткізілетінін білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар