Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газеті «Саяси шешім жөнінде келісті» деген хабарға орын берген. Газет Ресейдің Сочи қаласында бас қосқан Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей Президенті Владимир Путиннің Сирия тақырыбын қолға алғанын жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда екі лидер шешім тақырыбында мәлімдеме жасады. Президент Ердоған кездесуден кейін «Сирия дағдарысына байланысты соңғы жағдайларды қолға алдық. Саяси шешім жөнінде келісімге бардық» деді. Путин болса Сирияда саяси шешімге берілген қолдаудың арттырылуы тақырыбында құрметті президент Ердоғанмен бірдей көзқарастамын» деді.

Стар газеті «Премьер-министр Йылдырым Иран президентінің бірінші орынбасары Жихангиримен телефонда сөйлесті» атты тақырып қолданған.  Газет премьер-министр Бинали Йылдырымның Иран президентінің бірінші орынбасары Исхак Жихангиримен телефон арқылы сөйлескенін, сондай-ақ телефондағы әңгімеед Ирак-Иран шекарасы маңында болған зілзалада қаза тапқан Иран азаматтары үшін көңіл айтқанын хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда премьер-министрлік қайнар көздерінен алынған мағлұматтар бойынша қаралы күнде Иранның қасында болғандарын білдірген Йылдырым қажет болған жағдайда Түркияның жәрдемге дайын екенін айтты. Жихангири болса телефон шалғанына орай премьер-министр Йылдырымға алғыс айтып, қажетті болған жағдайда хабар беретіндерін атап өтті.

Хүрриет газеті хабарын  «2050 жылы әлемді билейтін елдер белгілі болды, Түркия алпауыттарды артқа тастады» деген тақырыбымен берген. Газет салықты бақылау және есеп жасау фирмасы PriceWaterhouseCoopers-тің  2050 жылдары әлемдегі ең күшті экономикалардың қайсысы болатыны туралы жорамалдарын жариялағанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда сатып алу күші жағынан Түркия 2050 жылы алғашқы 10 ел тізіміне кіреді. Түркия көрсеткен перформансы арқылы көптеген Еуропа елдерін артқа тастады. Азайған үлкею қарқыны себепті 2017 жылы әлемді билеген батыс елдері 2050 жылына келгенде әлсіз жағдайға душар болады.

Сабах газеті «BARCLAYS Түркия үшін үлкею межесін көтерді» атты хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Ұлыбритания текті Еуропа, Азия, Африка, Америка Құрама Штаттары және 60-қа тарта елде 300 жылдан бері банк және қаржы саласында жұмыс істеген әлемнің ең әйгілі компаниясы Barclays, Түркия экономикасы үшін 2017 және 2018 жылғы жорамалын жоғары көтерді. Barclays үкімет атқарған несие қолдаулары, қаржылай ынталандыру және жоғарғы экспортының ықпалыммен Түркия экономикасының күшті бір үлкею көрсеткенін меңзеді.

Ватан газеті «Атаның мұрасы» деген тақырып қолданған. Газет Гази Мұстафа Кемалдың 1918 жылы 13 қараша күні Бұғаздағы жаулаушы кемелерді көрісімен «Қалай келсе солай кетеді» деп, Азаттық соғысының алғашқы «Картал ІІ» атты қайықтың мұражай болатынын жазған.

 

 


Этикеттер: Ирак , Иран , Ресей

Ұқсас жаңалықтар