Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Йылдырым бүкіл Еуропа зардап шегетін еді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда премьер-министр Бинали Йылдырым ресми байланыстары аясында Түркияға келген Македония премьер-министрі Зоран Заевпен ортақ мәлімдеме жасады. Зәйтүн бұтағы операциясына тоқталған Йылдырым «Егер Түркия осы жерлерді бақылауға алмағанда әрі босқын дағдарысымен, әрі террор толқынымен барлық Еуропа зардап шегетін еді» деді.

Хабертүрік газеті «Вице-премьер Чавушоғлу: АҚШ-тың бұл ұстанымы ынтымақтастығымызды жояды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Вице-премьер Хакан Чавушоғлу TRT-де күн тәртібімен байланысты сұрақтарға жауап қайтарды. Чавушоғлу АҚШ Қорғаныс министрлігінің (Пентагон) ‘2019 бюджетінен Сирия демократиялық күштер атын қолданған PYD/PKK-ға оқу-жаттықтыру үшін 300 миллион, ұйым атынан құрылған шекара қауіпсіздік күшіне 250 миллион доллар қаржы бөлу туралы АҚШ-тың бұл саясаты жалғасқан жағдайда біз үшін бұрыннан белгілі екі ел арасындағы ынтымақтастықты жоятын бір ұстаным» деді.

Йени шафак газеті «Тиллерсон сапары алдында Чавушоғлунан жолдама» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу АҚШ мемлекеттік хатшысы Тиллерсонның Анкара сапары алдында маңызды мәлімдемелер жасады. АҚШ-тың қазірге дейін уәделерін орындамағанын атап көрсеткен Чавушоғлу  «Ынтымақтастығымыз не қалпына түседі, не болмаса толығымен үзіледі» деді.

Ватан газеті «Тағы бір ел Түркиядан тікұшақ сатып алады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Филиппиндер Қорғаныс министрі Дельфин Лорензана жалпы мақсат тікұшағы сатып алу үшін Түркия, Корея, Ресей және Қытаймен келісім жасауды жоспарлағандарын атап көрсетті.

Сабах газеті «GLAFRI-дің жаһандық төрағалығына бір түрік сайланды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Assan» Алюминий Бас директоры Гөксал Гүнгөр 28 елде жұмыс істейтін және 60 мүшесі бар жаһандық фольга өндірісінің шамамен 50 пайызына өкілдік жасаған «Global» Алюминий Фольга өндірісшілері инициативасының (GLAFRI) Жаһандық төрағалығына сайланды.



Ұқсас жаңалықтар