Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркиямен байланысты аймақтық және әлемдегі жаңлықтарға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «НАТО-да жаңа Түркия саммиті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған маңызды НАТО саммиті үшін барған Бельгияның Брюссель қаласында баршаның назарын аударды. Тарихи жиналыстың қорытынды декларациясында болса Түркиямен террормен күрес тақырыбында халықаралық ынтымақтастық шешімі орын алды.

Йени шафак газеті «НАТО саммитінен жолдама» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу НАТО саммитіне қатысу үшін барған Брюссельде батыстық басшыларға жолдама жасады. Түркияның Ресейден S-400 сатып алуымен байланысты «Түркия НАТО-дан алыстауда» сындарын бағалаған Чавушоғлу «Түркия НАТО-дан алыстап жатқан жоқ. Егер НАТО одақтастарымыз біздің қажеттіліктерімізді қамтамасыз еткенде біз әуе қорғаныс жүйелерін олардан сатып алар едік. Келесі жылдың соңына қарай Ресейден алғашқы батареялар келеді. Ақыры мұны қайта сұраудың қажеті жоқ» деді.

Ватан газеті «Неонацисттердің келіні өмір бойы бас бостандығынан айырылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Германияда 2000-2007 жылдары арасында 8 түрікке қоса, бір грек пен 1 полицияны өлтірген NSU ұйымының жалғыз мүшесі Беате Чепени өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Түрік сыртқы істер министрлігі болса NSU-ды пайдаланған негізгі тұлғалардың әділет алдына шығарылмағанын жариялады. Ұйым мен неміс паралельді мемлекеті арасындағы байланыс әлі ортаға шығарылмады.

Хүррийет газеті «Зәйтүн майы өндірісінде Түркия екінші орында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда жаһандық зәйтүн майы өндірісі 2016-2017 кезеңінде азайып жатқанда, Түркия өндірісін мөлшері тұрғысынан арттырған ел болды. Түркия зәйтүн майы өндірісін 58 мың тонна арттырып, 208 мың тоннаға көтерді. Түркия осылайша әлем зәйтүн майы өндірісінде екінші орынға ие болды.

Сабах газеті «Nick Cave Стамбұлда концерт берді» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда австралиялық рок музыканты, ән, кітап және сценарий авторы Nick Cave 17 жылдан кейін қайтадан концерт қоюға Стамбұлға келді. Группа Стамбұлда музыка сүйер қауымға концерт қойды. «25-ші Джаз фестивалі» аясында «The Bad Seeds» музыкалық тобымен сахнаға шыққан өнерпаз музыка сүйер қауымды тәнті етті.



Ұқсас жаңалықтар