Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Трамптан Ердоғанға жеңімпаз адам» деген хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Бельгияның астанасы Брюссельде НАТО саммитінде Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп президент Режеп Тайып Ердоғанмен қол алысып амандасқанда: «Міне, жеңімпаз адам» деп айта келіп, «Ең оңай түсінісетін адам. Мен оны жақсы көремін» деді.

Стар газеті «Жаңа кезеңнің алғашқы Мәжіліс төрағасы» атты тақырып қолданған. Газет Әділет және даму партиясының депутаты Бинали Йылдырымның  мәжіліс төрағалығына сайланғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі жалпы отырысында мәжіліс төрағалығы сайлауы болып өтті. Сайлауда  Бинали Йылдырым 335 дауыс алып, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы болды.

Ватан газеті хабарын «Жүк тасымалдауда да үлкен флот» деген тақырыбымен берген. Газет 324 жолаушы ұшағымен әлемнің ең үлкен флоттарының біреуіне ие Түрік әуе жолдарының жүк тасымалдауда да күшті болатынын хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда «Turkish Cargo»-ның тармағында осы жылдың аяғына дейін тағы 3 жүк ұшағы қосылады. Осылайша флоттағы ұшақ саны 22-ге жетеді.

Хүрриет газеті «Немістер Изирге өте қызығады» атты хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда  2018 жылының алғашқы жартысының рапорты бойынша Измирде соңғы 3 жылмен салыстырғанда биыл турист саны артты. Измирге ең көп келгендер  ішінде өткен жылдардағы сияқты тағы немістер болды. Биыл қаңтар-мамыр айлары арасында 76 мың 415 неміс Измирдің тарихи және мәдени орындарды  аралады.

Йени Шафак газеті «Түрік ғалымы генетика ауруларының тексеру мерзімін қысқартатын жаңалық тапты» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда Эгей Университеті медициналық факультеті мұғалімі Хүсейін Онай генетика ауруларының тексеру мерзімін қысқартатын жаңалық тапты.

 

 

 

 


Этикеттер: Измир , НАТО

Ұқсас жаңалықтар