Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газеті «БҰҰ Түркия жөнінде мәлімдеме жасады» деген хабарға орын берген. Газет Біріккен Ұлттар Ұйымы Сирия тақырыбындағы ақылшысы Jan Egelandтың Идлибте мүмкін бір қақтығысты тосу үшін Түркия, Ресей және Иранның ынтымақтастық ішінде болатынын білдіргенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Egeland қажетті болған жағдайда Түркияға үндеу тастайтынын және Анкара әкімшілігінің аймақтан қашқан азаматтарға шекара қақпаларын ашуын талап етуі мүмкіндігін баяндады.

Хүрриет газеті «Стамбулдың жаңа әуежайынан алғашқы ұшатын рейстердің уақыты белгілі болды» атты тақырып қолданған. Газет Стамбулдың жаңа әуежайынан ішкі және шетел бағыттарына ұшатын алғашқы рейстердің бағыты мен күнінің белгіленгенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда 95 пайыз құрылыс жұмыстары аяқталған  әуежайын көшіру жұмыстары 29 қазан күні басталады. Стамбул Жаңа әуежайынан алғашқы рейс болса 2018 жылы 31 қазан күні жергілікті уақытпен сағат 14:00-де Стамбулдан бас қала Анкараға жасалады. Шетел бағытына алғашқы рейс болса Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) мен Әзірбайжанға ұшады.

Сабах газеті хабарын  «Түрік әуе жолдарынан үлкен қадам» деген тақырыбымен берген. Газеттің хабарына қарағанда Түрік әуе жолдарының бұқаралық қауымға мағлұмат беру платформасында орын алған 2018 жылы қаңтар-шілде маусымының рейс көрсеткіштеріне қарағанда 2017 жылы қаңтар-шілде маусымында 37,5 миллион болған жолаушы саны осы жылдың бірдей маусымында 15,2 пайыздық артумен 43,2 миллион долларға көтерілді. Жолаушы санындағы арту мемлекет іші рейстерінде 17 пайыз, шетел рейстерінде 13,8 пайыз ретінде тіркелді.

Стар газеті «SSB мен ASELSAN арасында HAVA SOJ жобасы келісіміне қол қойылды» атты хабарға орын берген. Газет Түркияның отандық және ұлттық қорғаныс жүйелеріне жаңа бір жүйенің қосылғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда қорғаныс өнеркәсібі министрлігі SSB мен Әскери электроника өнеркәсібі ASELSAN арасында әуе платформасында ұзақтан электр арқылы басқаратын электроника шабуыл қабілеті күшті HAVA SOJ жобасы келісімі жасалды. Келісім бойынша 4 электроника арнайы соғыс ұшағы 2023 жылы Түрік әуе күштерінің тармағына кіреді. Осы жүйе арқылы Түрік әуе күштері маңызды күш-қуатқа ие болады.

Йене Шафак газеті «Әлемнің ең көне әшекейлі сәндік бұйымдары табылды» деген хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Мардиннің Дардечит ауданы Ылысу бөгетін құтқару қазбалары барысында Бонжуклу Тарла елді мекендерінен заманымыздан бұрынғы 8 мың 200 жылдарына тән бір қабірден әшекейлі сәндік бұйымдар шықты.

 



Ұқсас жаңалықтар