Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған Африкаға маңызды үндеу тастады» деген хабарға орын берген. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның Африка елдерін ұлттық валютамен жұмыс істеуге шақырғанын жазды. Газеттің хабарына қарағанда Ердоған Стамбулда Түркия-Африка Экономика және бизнес форумына қатысты. Ердоған бұл жерде жасаған баяндамасында «Барлық қиыншылықтарға қарамастан дипломатиялық жүйемізді күшейтудеміз. Африка елдері де Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктер санын 10-нан  33-ке шығарды. Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам ынтымақтастық ұйымы сынды халықаралық платформаларда Түркияның жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнатылуы үшін жүргізген күресіне африкалық достарымыз күшті қолдау берді. Енді африкалық барша достарыма үн қатамын: ұлттық ақша бірлігімен жұмыс істейік» деді. Түркия ретінде Африка құрлығымен ынтымақтастыққа көп көңіл бөлгендерін атап көрсеткен Ердоған: «10-15 жыл бұрын тек белгілі аймақтарда, белгілі жерлерде көрінетін Түркия бүгінгі таңда әлемнің ең танымал алтыншы дипломатиялық желісіне ие ел жағдайына келді» деген сөздер қолданды.

Хүрриет газеті «Стамбул Жаңа Әуежайының билеттері сатыла басталады» атты тақырып қолданған. Газет Түрік әуе жолдары Стамбул Жаңа Әуежайы үшін билет сату жұмыстарының бірнеше күн ішінде басталатынын хабарлады. Газеттің хабарына қарағанда Стамбул Жаңа Әуежайының ресми ашылуынан кейін Түрік әуе жолдарының рейстері жұмысқа қосыла бастады. Ашылатын рейс  желістері арасында Измир, Адана, Анкара, Анталия, Баку және Солтүстік Кипр Түрік Республикасы бар. Стамбул Жаңа Әуежайының жолаушы үлесінің 70 пайызын Түрік әуе жолдары алады.

Ватан газеті хабарын «Атак жаңалануда» деген тақырыбымен берген. Газет қауіпсіздік күштерінің инвентаризациясындағы «Атак» атты тікұшақтарының санын арттырумен қатар  жаңаланған жаңа тікұшақтар үшін де жалғасты жұмыс істегенін жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда коммуникация және электроника соғыс пакеті қабілеттерін арттырып, жаңа компьютер бағдарламалары арқылы Faz-2 пакетінде «Атак» атты тікұшақтары үстінде жұмыс істеле бастады. «Атак» атты тікұшақтары үшін жергілікті мотордың дамытылуы да мақсат етілуде.

Хабар Түрік газеті «Муғлаға келген турист саны 32 пайыз артты» атты тақырып қолданған. Газет Муғлаға 9 айда келген шетелдік турист санының өткен жылының бірдей маусымымен салыстырғанда 32 пайыз артқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Муғла мәдениет және туризм басқармасы төрағасы Филиз Карағач Муғлаға ең көп келген турист тобының ағылшындар екенін айтып, «Муғлаға 900 мың 75 ағылшын келді. 380 мың 487 туристпен Ресей екінші орында» деді.

Стар газеті «Жергілікті және шетелдік қуыршақшы астана Анкарада бас қосуда» деген хабарға орын берді. Газеттің хабарына қарағанда  биыл 4-шісі ұйымдастырылатын Халықаралық Анкара Қуыршақ Фестивалінде 9 елдің қуыршақшылары өнер көрсетеді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар