Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоған Гагауыз түріктеріне үн қатты» деген хабарға орын берген. Газет Президенті Режеп Тайып Ердоғанның Молдова сапары аясында Гагауыз автономдық аймағының бас қаласы Комратқа барғанын және бұл жерде гагауыз түріктеріне үн қатқанын жазған. Ердоған осындағы сөзінде: «Молдованың территория тұтастығы біз үшін өміршең маңызда.  Түркия ретінде бұрын болғандай алдымыздағы кезеңде де қандастарымыздың жанында болатынымызды атап айттық. Біз Гагауыз елінің Молдовамен бірге иықтасып, даму ынталарын жалғастырғанын көргіміз келеді. Молдовада 5 маңызды келісімге қол қойдық. Байланысымыз тіпті де күшейеді. Таяуда Комратта Бас консулдығымызды ашамыз» деді.

Хүрриет газеті «Түрік экономикасындағы толқындар процесі тоқталды» атты хабарға орын берді. Газет Қазына және қаржы министрі Берат Албайрактың Белдеу, жол өнер кәсібі және сауда одағының (BRICA) Стамбул саммитіне қатысқанын жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда Албайрак BRICA саммитіндегі сөзінде «Түркия экономикасы мен қаржы нарықтарындағы толқын процесі тоқталды» деді.

Стар газеті хабарын «ТҚК-не 7-ші A400M тапсырып берілді» деген тақырыбымен берген. Газет Түрік Қарулы Күштерінің әдістеме қатынас қабілетін арттырған және «ұшақ қорғаны» ерекшелігіне ие A400M ұшақтарының санының артқанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда Түрік әуе күштерінің мұқтаждықтарын қамтамасыз ету мақсатымен және Қорғаныс өнеркәсіп министрлігі тарапынан жүргізілген A400M жобасы аясында 7-ші ұшағы Түрік Қарулы Күштерін тапсырып берілді.

Хабар Түрік Газеті «Памуккалегі 9 айда көп турист келді» атты хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Түркияның ең маңызды тарихи орындарының бірі болған және Білім, ғылым және мәдениет мәселелер жөніндегі ұйымы ЮНЕСКО Дүниежүзілік мәдени мұра тізімінде орын алған Памуккалеге биыл келген турист саны 1 миллион 750-ге ұласты. Осылайша Памуккалеге келген турист саны өткен жылмен салыстырғанда 40 пайыз артты. Денизлидегі «Ақ Жаннат» Памуккалеге осы жылдың 9 айында келген турист саны соңғы 4 жылдың ең көп туристі ретінде тіркелді.

Сабах газеті «Ахлат ағашы атты фильмі Лондон фильм фестивалі аясында көрсетілді» деген тақырып қолданған. Газет Режиссер Нури Билге Джейланның «Ахлат ағашы» атты фильмінің Лондон фильм фестивалі аясында көрсетілгенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Фильм 62-ші Лондон фильм фестивалінде Юнус Эмре Институтының қолдауымен көрсетілді. Лондондағы беделді кинотеатрлардың бірінде 400 адамдық залдағы көрсетілімге режиссердің өзі де қатысты. Әдебиетті жақсы көретін Синан атты жігіттің Анадолыда туған жеріне қайтып келуімен басталған хикая көрермендердің көңілінен шықты. «Ахлат ағашы» фильмі Оскар сыйлығына да кандидат болған еді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар