Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Жаңа Ататүрік Мәдениет Орталығының іргетасы қаланды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбул Таксим алаңындағы Ататүрік Мәдениет Орталығы іргетасын қалау рәсімінде үн қатқан президент Ердоған Түркияның өнер мен мәдениет тіршілігінде жаңалық ашатын маңызды бір қадам басқандарын атап көрсетті. Ердоған кешегі рәсімде Ататүрік Мәдениет Орталығының 95 мың 600 текшеметрлік бір алаңға ие 5 бөлек блоктан тұратынын атап, «Стамбул Ататүрік Мәдениет Орталығын 2 жылдық мерзімде аяқтап, өнерпаздарымыз бен өнер сүйер қауымның қызметіне ұсынамыз» деді.

Ватан газеті «Түркия мен Ресейден үлкен ортақтық! Стамбул мен Анталия таңдаулары үстелде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік-Орыс ортақ университеті жобасының егжей-тегжейлері ортаға шыға бастады. Президент Режеп Тайып Ердоғанның сәуір айында жоспарланған Ресей сапарында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде Түрік-Орыс ортақ университеті тақырыбының күн тәртіпке келуі күтіледі. Екі елдің ортақ университеті үшін жер бөлу тақырыбында Стамбул мен Анталия таңдаулары алға шығады.

Хүррийет газеті «Стамбул әуежайларында 7 миллион 968 мың 882 жолаушы күтілді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ататүрік, Сабиха Гөкчен және Стамбул әуежайларында қаңтар айында жүзеге асқан ішкі және шетел сапарлары, өткен жылдың бірдей уақытымен салыстырғанда мың 68 пайыз артып, 56 мың 420-ға ұласты. Аталмыш кезеңде осы әуежайларынан тасымалданған жолаушы саны 7 миллион 968 мың 882 жолаушы болды.

Стар газеті «Кептірілген жеміс экспорты 1 миллиард 388 миллион долларға ұласты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның кептірілген жеміс экспорты 2018 жылы 8,5 пайыз экспортпен 1 миллиард 279 миллион доллардан, 1 миллиард 388 миллион долларға өсті. Германия 178 миллион доллармен ең көп кептірілген жеміс экспорттаған ел болғанда, Ұлыбритания 164 миллион долларлық кептірілген түрік жемісін таңдады. Италия болса 102 миллион долларлық кептірілген жеміс экспортымен үшінші орынға атын жазғызды. Кептірілген жеміс экспортталған ел саны да 143-ке ұласты.

Йени шафак газеті «Гүл өндірушілердің 2019 нысанасы – 85 елге экспорт» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда өткен жылы 100 миллион доллар экспортты жүзеге асырған қырқылған гүл саласы биыл 85 елге экспорттап, 125 миллион доллар экспорт көрсеткіштеріне жетуді нысанаға алып отыр.



Ұқсас жаңалықтар