"Латын әліппесі орыс және басқа да тілдерге нұқсан келтірмейді"

Нұрсұлтан Назарбаев латын әліппесіне өтудің орыс тілді азаматтар, орыс тілі және басқа да тілдерге нұқсан келтірмейтінін айтты.

"Латын әліппесі орыс және басқа да тілдерге нұқсан келтірмейді"

Қазақстан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кирилл әліппесінен латын әліппесіне өтудің орыс тілді азаматтар, орыс тілі және басқа да тілдерге нұқсан келтірмейтінін айтты.

Назарбаев латын әліппесіне көшуге байланысты жиында латын әліппесіне көшудің тарихи маңызы зор оқиға екенін айтып: «Әлемде ешбір ел өзінің жаңа әліпбиін бүкіл халық болып осылайша талқылаған емес. Біз үшін әрбір адамның пікірін білу маңызды» деді.

Президент Назарбаев латын әліппесіне көшуге байланысты өзіне 300-ден астам ұсыныс келгенін білдіріп: «Жастардың бұл үдерісті қолдағаны қуантады» деді.

Қазақ тілінің жаңа әліпбиінің жобасын талқылауға жетекші қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми орта мен жұртшылықтың белсенді түрде атсалысқанына назар аударған елбасы жобаны іске асыру барысында әлемдік тәжірибе ескерілгенін де білдірді.

Елбасы сөзі барысында бұл реформа басқа тілдердің дамуына нұқсан келтірмей, азаматтардың құқықтарын бұзбауға тиіс екенін атап көрсетті.

«Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі орыс тілді азаматтардың құқықтарын, орыс тілі мен басқа да тілдердің мүмкіндіктерін шектемейді. Орыс тілінің кирилл қарпінде қолданылуы өзгеріссіз қалады. Ол бұрынғыдай қызмет атқара беретін болады. Жаңа әліпбиге көшу қазақ тілін меңгеруді жеңілдетеді» деді ол.

Кирилл әліппесінен латын әліппесіне көшуге дайындалған Қазақстан 2018 жылдан бастап мектептерде оқулықтардың латын әліппесінде басылуын жоспарлап отыр.

Елбасы Назарбаев 2025 жылға дейін барлық кітаптарды,  мерзімді басылым және ресми құжаттарды латып әріптерімен жариялауды жоспарлағандарын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар