Әзірбайжанда жаңа Энергия министрі тағайындалды

Әзірбайжанның Германиядағы бұрынғы елшісі Шахбазов жаңа Энергия министрі болды.

Әзірбайжанда жаңа Энергия министрі тағайындалды

Әзірбайжан президенті Илхам Алиев қайтыс болған Энергия министрі Натык Алиевтің орнына Әзірбайжанның Германиядағы бұрынғы елшісі Первиз Шахбазовты тағайындады.  Әзірбайжан президенттік аппаратының хабарламасына қарағанда, президент Алиев 48 жасар Шахбазовтың Энергия министрі болып тағайындалуы жөніндегі жарлыққа қол қойды.

Әзірбайжан Мемлекеттік Мұнай академиясын аяқтаған Шахбазов 2005-2016 жылдар арасында Берлинде өкілетті елші қызметін атқарды.

Бұдан бұрынғы Энергия министрі Натык Алиев 3 маусым күні науқастанып,  Стамбулда 8 маусым күні қайтыс болған еді.



Ұқсас жаңалықтар