Аралды құтқару мақсатты халықаралық екі келісімге қол қойылды

Халықаралық Арал қоры Федеральды Германия Халықаралық ынтымақтастық қоғамымен келісім-шарт жасады.

Аралды құтқару мақсатты халықаралық екі келісімге қол қойылды

Түрікменстан Арал теңізін құтқаруға арнайы көңіл бөледі.

Аралдың суының шегінуімен басталған экологиялық апат және аймақтағы биологиялық түрлілік қаупі Кеңес Одағының ыдырауының артынан тәуелсіздік жариялаған Орталық Азия мемлекеттерін шара қабылдауға итермеледі.

Орталық Азиядағы Түрікменстан, Қазақстан, Өзбекістан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекет басшыларының шешімімен 1993 жылы Халықаралық Арал қоры құрылды. Қордың 2017-2019  жылдары арасында Атқару комитеті басшылық міндетін Түрікменстан атқарып келеді.

Маусым айында Ашғабатта Түрікменстанның кезекті төрағалығы кезінде қордың жұмыстарын жүргізетін бір офис ашылып, Халықаралық Арал қорының Атқару комитеті басшылығына да Гүзгелди Байжанов тағайындалған болатын. Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов маусым айында Ашғабаттағы офистің ашылуына орай жариялаған жолдамасында «Басшылық кезеңінде Түрікменстан қордың халықаралық мақсаты аясында ауқымды және жалғастыра аларлық деңгейге жеткізу үшін талпынады және жаһандық апаттармен күрестегі маңызын күшейту үшін қажетті барлық шараларды қабылдайды» деген еді.

Ашғабатта президент Құрбанқұлы Бердімұхамедовтың бұл сөздерін қолдаған екі келісім-шартқа қол қойылды.

Қордың атқару комитеті әкімшілігі Федеральды Германия Халықаралық ынтымақтастық қоғамы және Орталық Азия аймақтық экология орталығымен ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

Келісімдер 40 жыл бұрынғымен салыстырғанда суы 10 пайыз мөлшерінде шегінген және шөлге айналу қаупіне душар болған Аралды құтқару үшін бірге жұмыстану және техникалық қолдау қамтамасыз етуді мақсат етеді.



Ұқсас жаңалықтар