Қырым Татар Ұлттық Құрылтайына 100 жыл

Украина парламентінде І Қырым Татар Ұлттық Құрылтайының 100 жылдығына орай арнайы отырыс өткізілді.

Қырым Татар Ұлттық Құрылтайына 100 жыл

Украина мен Қырым татар ұлттық ән ұрандары шырқалғаннан кейін басталған арнайы отырыста Украина парламентінің төрағасы Андрей Парубий беташар баяндамасын оқыды.

Парубий 100 жыл бұрын болғанындай бүгінгі күні де Қырымда украиналық және Қырым татар халқының істеріне тыйым салынғанын білдіріп: «Сол кездегі және бүгінгі Қырымдағы орыс басқыншылар арасында ешбір айырмашылық жоқ. Бұрын большевиктер Қырым Татар Ұлттық Құрылтайын ыдыратып еді,  енді Ресей Қырым Татар Ұлттық Мәжілісіне тыйым салды» деді.

Парубий Украина парламентінің коммунизмнен арылу саясаты аясында Қырымда 75-тен астам қала мен ауылдың тарихи атауларын қайта бергенін еске салды.

Қырым Татар халқының лидері және Украина депутаты Мұстафа Джемилев те 100 жыл бұрын Қырым татар халқының өз құқығы мен тағдырын анықтау үшін қозғалысқа өткенін айтты.  Джемилев сонлықтан ұлттың өкілі ретінде Қырым Татар Ұлттық Құрылтайын қалыптастырғанын білдірді.

Мұстафа Джемилев Қырым Татар Құрылтайы мен ұлттық қозғалысының Қырымдағы түрлі этникалық топтардың тату өмір сүруі үшін жұмыстанғанын тілге тиек етті.  Украинада 2014 жылы болған төңкерістің елде көп нәрсені өзгерткенін айтқан Джемилев: «Төңкеріс Украинада әрі мемлекет,  әрі халық деңгейінде Қырым татар халқының маңызды екенін көрсетті» деді.



Ұқсас жаңалықтар