«Қансонар-2017» халықаралық турнирі болып өтті

Жарысқа биыл Қытай, Венгрия,  Моңғолия және Ресейден де қатысушылар келді.

«Қансонар-2017» халықаралық турнирі болып өтті
«Қансонар-2017» халықаралық турнирі
«Қансонар-2017» халықаралық турнирі

Жыл сайын Қазақстанның түрлі аймақтарынан аң құстары мен құсбегілер қатысатын жарысқа биыл Қытай, Венгрия,  Моңғолия және Ресейден де қатысушылар келді.

Қазақстанда тәуелсіздік мерекесіне орай көптеген шара ұйымдастырылуда.  Шаралардың арасында назар аударатыны – жақында болып өткен аушы құстармен аң аулау бойынша «Қансонар-2017» халықаралық турнирі.

Жыл сайын Қазақстанның түрлі аймақтарынан аң құстары мен құсбегілер қатысатын жарысқа биыл Қытай, Венгрия,  Моңғолия және Ресейден де қатысушылар келді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен биылғы жарыс халықаралық деңгейде өткізілді.

Турнирдің ашылуына Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырəлімова, Қазақстан Республикасындағы Монғолия мемлекетінің Төтенше және өкілетті Елшісі Лувсан Баттулга, Венгрия Республикасының Төтенше жəне Өкілетті Елшісінің орынбасары Шандо Дороги қатысты.

Жарысқа ересектермен бірге жастардың, тіпті балалардың қызығушылығы мол болды. Ауа райының салқындығына қарамастан балалар құстарымен жарысты тамашалады.

Жеңімпазға көлік берілген жарыста барлығы 2 миллион теңге таратылды.

Жарыс құстардың көрінісі,  аң аулау қабілеті,  еркін ұшуы секілді бес аталымда жүзеге асты.

Екі күндік турнирдің соңында бірінші орынды Ақмола облысынан қатысқан Қанат Шүленбаев иеленді.  Екінші орынды Атырау облысынан Арман Қошқаров,  үшінші орынды Астанадан Күнтуған Серікбек пен Тастанбек Бергенбай бөлісті.



Ұқсас жаңалықтар