Жаңа Еңбек министрі тағайындалды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне Мәдина Әбілқасымова тағайындалды.

Жаңа Еңбек министрі тағайындалды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды.

Жұма күні болған кеңейтілген ауқымдағы үкімет жиналысы барысында министрліктің 2017 жылғы жұмыстарын баяндаған министр Тамара Дүйсенованы сынаған елбасы әлеуметтік медициналық сақтандыру тақырыбындағы кемшіліктерге назар аударған болатын.

Жаңа министр Әбілқасымова Гарвард университетінің Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін «мемлекеттік басқару магистрі» мамандығы бойынша бітірген.



Ұқсас жаңалықтар