Көлсай - табиғаттың інжуі

Көлсай көлі - табиғат сүйер отандық және шетелдік туристер үшін тартымды жерлердің бірі.

Көлсай - табиғаттың інжуі
Көлсай - табиғаттың інжуі
Көлсай - табиғаттың інжуі

Көлсай көлі - табиғат сүйер отандық және шетелдік туристер үшін тартымды жерлердің бірі.

Қазақстанның Алматы қаласының шамамен 200 км шығысында Тянь-Шань тауының етегінде орналасқан Көлсай көлі - табиғат сүйер отандық және шетелдік туристер үшін тартымды жерлердің бірі.

«Солтүстік Тянь-Шань тауларының інжуі» деп атағы шыққан Көлсайдың табиғатына адамның көзі тоймайды, көкпеңбек суымен баршаны таңғалдырады.

Көлсай – Алматы қаласына 200 км,  Шарын шатқалына жақын жерде орналасқан үш көлдің ортақ есімі. Жету бірақ қиын болғандықтан көп танымал емес.  Бірақ соңғы кездері отандық және шетелдік туристер көп келетін жерлердің біріне айналды.

Көлсайға саяхат турларымен немесе өз мүмкіншілігіңізбен келуге болады. 1700 метр биіктікте орналасқан бірінші көлге көлікпен келу мүмкіндігі бар. 2250 және 2650 метр биіктіктегі екінші және үшінші көлдерге жету үшін 9 және 6 км жүріп бару керек. Бұл көлдерге атқа мініп жетуге де болады.

Көлдерге баратын жолда түрлі жеміс жинап, балық аулап тамаша уақыт өткізу мүмкіндігі де табылады.

Көлге жақын жердегі қонақүйлерде де қонуға болады.



Ұқсас жаңалықтар