Қырғыз әйелдерінің дәстүрлі белдемшелері заманауи сәнге сәйкестендірілді

Гаухар Сыдықова осы жаңа үрдіс жөнінде Түркияның Анадолы агенттігі тілшісіне баяндап берді.

Kırgız_etek_moda2

Қырғыз әйел-қыздарының дәстүрлі киімдерінің маңызды бөлшегі белдемше жаңа күйімен сән әлеміне қадам басты.

Кино режиссер Гаухар Сыдықова осы жаңа үрдіс жөнінде Түркияның Анадолы агенттігі тілшісіне баяндап берді. Сыдықова белдемшенің көшпелі тұрмыс салтында әйелдердің белін салқыннан қорғау, тік тұру үшін қолданылғанын айтты.

Сыдықова белдемшені заманауи сәнге айналдыруды Бішкекте Қол өнерлері мектебіне барып жүріп жоспарлаған. Ол жаңа белдемшелерді дайындау кезінде география, климат,  мәдени ерекшеліктер,  түс және матаның түрлерін де назарға алады.

Белдемшені тұрмыстағы әйелдермен қоса жас қыздар да сүйіп қолданады.

Белдемшенің өте ыңғайлы және жеңіл екенін айтқан Сыдықова: «Тар шалбар мен қысқа белдемше киетін қыздарға осы белдемшені кеңес беремін. Бұл – жаңа сән. Оны таныстыру үшін түрлі көрмелер ұйымдастырып,  жастарға көрсетіп жүрміз» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар