Қазақстан Сыртқы істер министрі Анкарада

Астана процесі жалғасады.

Қазақстан Сыртқы істер министрі Анкарада

ТР Сыртқы істер министрі Сирия дағдарысына шешім табу мақсатымен жүргізілген Астана процесінің келесі жиналысының 14-15 мамыр күндері өткізілетінін айтты.

Мевлүт Чавушоғлу  ресми сапармен Анкараға келген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен бас қосты.

Кездесуде екі жақты қарым-қатынастармен қоса Астана процесі де қолға алынды.

Чавушоғлу: «Сирияға байланысты ең нақты қадамдар Астанада және артынан Сочиде басылды.  Бұл Женева процесін толықтырушы үрдіс.  Астана процесін жалғастырамыз.  Келесі жиналыс 14-15 мамыр күндері Астанада болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар