Османлы құжаттары Астанада көрмеге қойылды

Астананың 20 жылдығына арнап ұйымдастырылған көрме Қазақстан Ұлттық мұражайында ашылды.

Османлы құжаттары Астанада көрмеге қойылды
Османлы құжаттары Астанада көрмеге қойылды
Османлы құжаттары Астанада көрмеге қойылды

Астананың 20 жылдығына арнап ұйымдастырылған көрме Қазақстан Ұлттық мұражайында ашылды

Қазақстанның елордасы Астанада «Құжаттармен Османлы мемлекеті және Орталық Азия хандықтары қарым-қатынасы» атты көрме ашылды.

ТР Мемлекеттік мұрағат бас дирекциясы,  Қазақстан Ұлттық мұражайы,  Түркияның Қазақстандағы өкілетті елшілігі мен Юнус Эмре Институты тарапынан Астананың 20 жылдығына арнап ұйымдастырылған көрме Қазақстан Ұлттық мұражайында ашылды.

Көрме беташарына Түркия елшісі Невзат Уянык, Мемлекеттік мұрағат бас директоры Проф. Угур Үнал,  Қазақстан Мәдениет және туризм министрлігі Мұрағат және документация директоры Алия Мұстафина,  Қазақстан Ұлттық мұрағаты басшысы Жангелді Махашев, Астана Юнус Эмре институты Түрік Мәдениеті орталығының жетекшісі Алмагүл Исина, ғалымдар және студенттер қатысты.

Көрмеде Османлы және Республика мұрағатынан Орталық Азия хандықтарымен қатынастар,  саяси хаттар,  елшіліктердің сыйлықтары секілді шамамен 40 құжат орын алуда.

Түркияның Қазақстандағы өкілетті және төтенше елшісі Уянык сөйлеген сөзінде Түркияның бауырлас халықтарымен қатынастарының мықты болуына көңіл бөлгендерін айтты.

Мұрағат директоры Үнал да Стамбулдағы Османлы мұрағатында шамамен 95 миллион құжат және 400 мың дәптер, Анкарадағы мұрағатта да шамамен 35 миллион құжат және 95 мың дәптер сақталғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар