Назарбаев ШЫҰ саммитінде баяндама жасады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана келіссөздерінің Сирияда ауқымды бейбітшілікті қамтамасыз ету нысанасында ықпал еткенін атап көрсетті.

Назарбаев ШЫҰ саммитінде баяндама жасады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана келіссөздерінің Сирияда ауқымды бейбітшілікті қамтамасыз ету нысанасында ықпалды бір құрал екенінің байқалғанын атап көрсетті.

Қазинформ хабар агенттігінің хабарына қарағанда Назарбаев Қытайдың Циндао қаласындағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) саммитінде жасаған баяндамасында Азия, Африка, Таяу Шығыс және басқа да аймақтардағы қақтығыстардың саяси жолдармен шешіл керектігін қайталады.

Назабаев Сирия келіссөздеріне қонақжайлық жасаған тарап ретінде шешім кезеңін жақын қадағалағандарын атап «Астана келіссөздерінің Ресей, Түркия және Иранның белсенді қолдауымен Сирияда ауқымды бейбітшілікті қамтамасыз ету нысанасында ықпалды бір құрал екені байқалды» деді.

Қазақстанның Корея түбегінің ядролық қарулардан тазалануын қолдағандарын тілге тиек еткен Назарбаев «Еліміз Иранның ядролық бағдарламасымен байланысты келісімнің жасалуына қолдау беріп, үлес қосқан болатын. Бұл себепті Ауқымды ортақ әрекет жоспарын қорғау және тығыз түрде іске асыруда тұрақтымыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар