Шыңғыс Айтматов еске алынды

Шыңғыс Айтматов қайтыс болуына 10 жыл толуына орай еске алынды.

Шыңғыс Айтматов еске алынды

Шыңғыс Айтматов қайтыс болуына 10 жыл толуына орай еске алынды.

Әлемге әйгілі қырғыз жазушы Шыңғыс Айтматов қайтыс болуына 10 жыл толуына орай Қырғызстанның астанасы Бішкектегі  Ата Бейіт мемориалдық кешеніндегі қабірінде еске алынды.  

Еске алу рәсіміне Қырғызстан премьер-министрі Мұхаммедқали Абылғазиев, премьер-министр орынбасарлары, жазушының туғандары мен оқырмандары қатысты. Олар Ата Бейіт мемориалдық кешеніндегі қабіріне гүл шоқтарын қойып, Құран Кәрім оқыды.

Қырғызстан Жазушылар одағы төрағасы Ақбар Рысқулов сөйлеген сөзінде «Шыңғыс Айтматов өзінің әлемді тамсандырған үздік, баға жетпес туындылары арқылы тек қырғыз халқының ғана емес, бүкіл түркі халықтарының әдебиетін биік белеске көтере білді» деді.

Шыңғыс Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда Қырғызстанның Талас өңірі, Шекер ауылында дүниеге келген.

2008 жылы маусымның 10 күні «Адамзаттың Айтматовы» атанған Айтматов 79 жасында Алманияның Нюрнберг қаласындағы ауруханада қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар