Өзбекстанда рақымшылық жарияланды

Өзбекстанда бірінші рет Ораза айт мерекесіне байланысты рақымшылық жарияланды.

Өзбекстанда рақымшылық жарияланды

Өзбекстанда бірінші рет Ораза айт мерекесіне байланысты рақымшылық жарияланды.

Президент Шавкат Мирзиеев ел тарихында бірінші рет Ораза айтқа байланысты тұтқындардың босатылуы жөнінде жарлыққа қол қойды.

Осыған орай істеген қылмысына өкінген 226 тұтқын кешіріледі.

Жарлыққа қарағанда,  осы аяда 102 тұтқын босатылады. 71 тұтқын шартты түрде босатылады. 39 адам жазасы басқа жазамен ауыстырылу арқылы еркіндікке шығады. 14 тұтқынның жаза мерзімі азайтылады.

Президенттің жарлығына қарағанда,  рақымшылық көргендердің 40-ы 60 жастан үлкен кісілер,  39-ы шетел азаматтары, 37-сі әйелдер, 51 болса заңсыз ұйым мүшелері.

Жарлық бойынша босатылған тұтқындардың қоғамға үйлесуі және жұмыс істеуі үшін қатысты мемлекеттік органдардың қажетті көмекті беруіне де шешім қабылданды.

Өзбекстанда бұдан бұрын тәуелсіздік және атазаң күндеріне байланысты рақымшылық жарияланатын еді.



Ұқсас жаңалықтар