"Түркияға және түрік экономикасына әрқашан сендік"

SOCAR фирмасының төрағасы Рөвнаг Абдуллаев "TANAP" жобасын бағалады.

"Түркияға және түрік экономикасына әрқашан сендік"

Әзірбайжан мемлекеттік мұнай фирмасы (SOCAR) төрағасы Рөвнак Абдуллаев Транс Анадолы табиғи газ құбыр желісі жобасы (TANAP) үшін бар күшті жұмсағандарын атап, «Жұмыстарымыз нәтижесін көрсетті. Жоба белгіленген мерзімде және 8 миллиард доллардан аз бюджетпен іске қосылды» деді.

Абдуллаев Әзірбайжан табиғи газын Түркия арқылы Еуропаға тасымалдайтын TANAP-тың табиғи газ таратуы басталатын алғашқы пункт ретінде Эскишехир Компрессорлық және өлшеу стансасындағы ашылу рәсімінде SOCAR-дың Түркияның ең үлкен шетелдік инвесторларынан екенін еске салып, жобаның екі ел арасында басылған ең маңызды қадамдардың бірі екенін атап көрсетті.

«Бір ұлт, екі мемлекет» сөзінің осы жобалармен расталғанын атап көрсеткен Абдуллаев «SOCAR фирмасы екі бауырлас мемлекет Түркия мен Әзірбайжан арасында сауда байланыстарын одан да күшейту, стратегиялық капиталдарға қолдау беру үшін маңызды бір міндетті атқарды. Энергия саласында инвестицияларымен SOCAR Түркияның ең үлкен шетелдік инвестиция салушысы. Түркияға және түрік экономикасына әрқашан сендік. TANAP бұл сенімнің арғы жағындағы достық пен ынтымақтастығымыздың көрсеткіші ретінде жүзеге асады. Әзірбайжаннан Италияға дейін созылған 3 мың 500 шақырымдық Оңтүстік табиғи газ коридорының маңызды бөлігі ретінде «TANAP»-тың құрылысы тарихи бір шешім болып табылады. Бұл SOCAR үшін үлкен бір емтихан болатын және табысқа жету үшін бар күшімізбен жұмыстандық. Жоба белгіленген мерзімде және 8 миллиард доллардан аз бюджетпен іске қосылды» деді.



Ұқсас жаңалықтар