"Қазақстан – шетелдік БАҚ көзімен" атты Халықаралық байқау

«Қазақстан – шетелдік БАҚ көзімен» атты бесінші Халықаралық байқаудың қорытындысы шықты.

Kazakistan Yabancı gazeteciler01.jpg
Kayrat Abdirahmanov_Kazakistan Dışişleri Bakanı.jpg
Kazakistan Yabancı gazeteciler03.jpg
Kazakistan Yabancı gazeteciler04.jpg
Ayman Abdelaziz Az-Zabeniz.jpg
"Қазақстан – шетелдік БАҚ көзімен" атты Халықаралық байқаудың қорытындысы жарияланды
"Қазақстан – шетелдік БАҚ көзімен" атты Халықаралық байқаудың қорытындысы жарияланды

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның бас редакторлар клубы шетел журналистері арасында өткен «Қазақстан – шетелдік БАҚ көзімен» атты бесінші Халықаралық байқаудың қорытындысын шығарды. Осы жылы ұйымдастыру комитетіне 20-дан астам елден келіп түскен 85 өтінімнің арасынан байқау комиссиясы бес өңір бойынша жеңімпаздарды анықтады.

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның бас редакторлар клубы шетел журналистері арасында өткен «Қазақстан – шетелдік БАҚ көзімен» атты бесінші Халықаралық байқаудың қорытындысын шығарды. Осы жылы ұйымдастыру комитетіне 20-дан астам елден келіп түскен 85 өтінімнің арасынан байқау комиссиясы бес өңір бойынша жеңімпаздарды анықтады.

ТМД және Балтық елдері авторларының арасынан 2017-2018 жылдар ішінде Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынастарын белсенді жариялағаны үшін Өзбекстанның Ұлттық ақпараттық агенттігі (УзА) редакциясы жеңімпаз атанды.

Қазылар алқасы британдық Джилли Пикапты Қазақстанға саяхаты туралы «Country and Townhouse» журналында жарық көрген «One Steppe Beyond» атты мақаласы үшін Еуропа журналистері арасынан жеңімпаз етіп анықтады.

Американдық Стефен Липовцевтің атақты «Forbes» журналына шыққан «Қазақстанның бес ғажайыбы: неліктен сәндік туризм Орталық Азияда дамуда» атты мақаласы Америка құрлығының журналистері арасындағы ең үздік мақала болып танылды.

Таяу Шығыс пен Африка елдерінің журналистері ішінен Қазақстанның дамуына, сыртқы саясатына және Астананың 20-жылдығына арналған сапалы материалдар сериясы үшін иорданиялық Айман Абдельхафез аз-Забен жеңімпаз болып танылды.

Иорданияның беделді «Ал-Урдун аль-Араби», («Араб Иорданиясы»), «Эд-Дустур» («Конституция») басылымдарында жарияланған мақалалар оқырманды Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігі мен төрағалығы аясында ұсынған бастамаларымен және республика тұрғындарының экономикалық және әлеуметтік жағдайына ықпал ететін Елбасының бес әлеуметтік бастамасымен таныстырады. Автор аталған бес бастаманы АҚШ президенті Франклин Рузвельттің қазіргі заманғы американдық әлеуметтік-құқықтық құрылымының негізін қалаған «Жаңа жол» бағдарламасымен салыстырған.

Азия, Аустралия және Океания елдерінен жеңімпаз ретінде қазылар алқасы «Business Central Asia» журналында жарияланған «Astana: the capital has its own charms and pleasures» атты мақаласы үшін үндістандық Индервир Сингхті таңдады. Мақалада Астананың архитектурасы суреттеліп, кейбір ғимараттар мен құрылымдардың қысқа тарихы жазылған және қаланың өсуі туралы статистикалық мағлұматтар келтірілген.

Осылайша, биылғы жылдың байқау жеңімпаздары болып 2018 жылғы сыртқы саясаттағы және ел ішіндегі өзекті тақырыптарға арналған жұмыстар анықталды.

Байқау ережесіне сәйкес, жеңімпаздар Астана, Алматы қалаларына және Бурабайға сапар шегіп, мәдени және тарихи объектілерге баруға, Қазақстанның лауазымды тұлғаларымен, сарапшылармен, журналистермен, мәдениет, спорт және туризм саласының өкілдерімен сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болады.

Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың айтуынша, мұндай байқау Қазақстан туралы шетелдегі хабардарлықты арттыру мен халықаралық бейбіт бастамаларымызды насихаттау мүмкіндігі ғана болып қоймай, журналистердің жұмыстары жарияланған елдермен екіжақты және көпжақты қатынастарды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Дүниежүзі бойынша әуе бағыттарының таралымы бойынша ең үлкен географиялық аумақты қамтитын Turkish Airlines әуе тасымалдаушысы байқаудың осы жылғы халықаралық серіктесі болды.



Ұқсас жаңалықтар