Түркі кеңесінің Туризм министрлері Астанада бас қосты

Астана қаласында Түркі кеңесіне мүше мемлекеттері Туризм жөніндегі Министрлердің 4-ші кездесуі өтті.

Түркі кеңесінің Туризм министрлері Астанада бас қосты
Түркі кеңесінің Туризм министрлері Астанада бас қосты
Түркі кеңесінің Туризм министрлері Астанада бас қосты

Түркі кеңесіне мүше мемлекеттері Туризм жөніндегі Министрлердің 4-ші кездесуі Қазақстанда болып өтті.

Астана қаласында Түркі кеңесіне мүше мемлекеттері Туризм жөніндегі Министрлердің 4-ші кездесуі өтті. Аталған іс-шара Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі мен  Түркі кеңесі Хатшылығының ұйымдастыруымен өтті.

Кездесуге Түркі кеңесі мүшелері Туризм ведомстволарының (министрліктер) басшылары - Қазақстан, Түркия, Қырғызстан және Әзірбайжан, сондай-ақ Түркі кеңесі Хатшылығының өкілдері қатысты.

Тараптар «Түркі кеңесі - Замануи Жібек жолы» бірлескен туристік өнімнің жобасы және коммерциялық іске асыру үшін негізгі мәселелерін талқылады. Солардың ішінде веб-сайтын дамыту, бағалау саясаты,  маркетингтік және коммуникациялық стратегиясы, әлемдік нарықта жылжыту, мүше-елдердің арналарында жарнамалық бейнелерді тарату, және т.б.

Бұдан басқа, жоспарланған кездесуде Түркі кеңесі елдерімен ынтымақтастықта «TRT Avaz» телеарнасымен түсірілген Замануи Жібек жолының бірлескен экскурсиясы туралы деректі фильмнің танытымы ұсынылды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар