Астанада Еуразиялық әдеби форум өтті

Форум «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» тақырыбында өрбіді.

Астанада Еуразиялық әдеби форум өтті
Астанада Еуразиялық әдеби форум өтті
Астанада Еуразиялық әдеби форум өтті

Астанада Еуразиялық әдеби форум өтті

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елордасы Астанада Еуразиялық әдеби форум өтті. 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен өткен форум «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» тақырыбында өрбіді.

Осылайша, әлемнің 50-ге жуық елінен жүздеген ақын-жазушы 45 жыл үзілістен кейін Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында қайта бас қосты.

Бұл Қазақстан үшін интеллектуалдық ресурстарды жинақтайтын және халықаралық ынтымақтастық пен мәдени байланысты кеңейтуге арналған ең ірі әдеби жоба болмақ.

Сондай-ақ, форумда кеңінен талқыланған мәселелердің бірі  Түркі әлемі кітапханасын жасақтау болды.

Екі күнге жалғасқан форум аясында белгілі жазушылар мен әдебиет сыншыларымен топтасқан конференциялар, дөңгелек үстелдер және шығармашылық кездесулер, кітап көрмесі мен секциялар ұйымдастырылды.

Мейрамгүл Құспан

TRT Астана



Ұқсас жаңалықтар