Астанада қылмыстық сот төрелігі тақырыбында халықаралық конференция

«Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру» (EUCJ) жобасы аяқталды.

Астанада қылмыстық сот төрелігі тақырыбында халықаралық конференция

Қазақстанда Еуропа Одағы тарапынан 2015 жылдан бастап жүргізілген «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру» (EUCJ) жобасы аяқталды. Осыған орай бас қала Астанада «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігінің болашағы» атты халықаралық конференция ұйымдастырылды.

Конференция барысында үш жыл бойынша жоба аясында жеткен жетістіктер талқыланды. Жиынға Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов, Қазақстан Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, Қазақстан Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов, Еуропа Одағының Қазақстандағы өкілдері және көптеген сала мамандары қатысты.

Қазақстанның қылмыстық жүйесіндегі реформаларды халықаралық деңгейде жүргізуге жәрдем беру мақсатында жүзеге асырылған жоба шеңберінде елдегі Сот жүйесін дамытуға арналған арнайы бағдарламаның әзірленгендігі белгілі болды.  ҚР Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов бұл жоба Қазақстанның Сот және қылмыстық атқару жүйесіне жаңа серпін бергенін және осының арқасында елдегі Кеңес Одағынан қалған ескі прокуратура жүйесін қайта құруға мүмкіндік туғанын айтты.

ТРТ Астана өкілдігі



Ұқсас жаңалықтар