Қазақстанда «Іздестіру – 2018» әскери жаттығуы өз мәресіне жетті

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің «Іздестіру – 2018» тактикалық арнайы оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті.

Қазақстанда «Іздестіру – 2018» әскери жаттығуы өз мәресіне жетті

Қазақстанда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы «ҰҚШҰ-ға» мүше мемлекеттердің «Іздестіру – 2018» тактикалық арнайы оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті.

Бүгін Қазақстан Республикасының аумағында ҰҚШҰ ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Жауынгерлік бауырластық-2018» жыл сайынғы жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы шеңберінде өткізілген «Іздестіру – 2018» тактикалық арнайы оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты арнайы бөлімшелерді, құрама барлау және жауынгерлік органдарды жауынгерлік қолдануды бірлесіп жоспарлау, іс жүзінде десанттау және жауынгерлік оқ атумен, соққы авиациясына мақсат көрсету және артиллерияның атысын реттей отырып, күндіз-түні таулы жағдайларда олардың жауынгерлік үйлесуі мен практикалық қолданылуы болды.

Мәлімдемеге қарағанда оқу-жаттығудың кезеңдері 3000-нан аса әскери қызметші мен 500-ден аса бірлік жауынгерлік және арнайы техника, оның ішінде, майдандық, армиялық, әскери-көлік авиациясы, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен ҰҚШҰ Қарулы Күштерінің барлау бөлімшелері қолданатын өзге де техниканы қоса есептегенде Қазақстанның бес полигоны мен екі оқу-жаттығу орталығында өтті.

ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы генерал-полковник А.А. Сидоров ҚР Қарулы Күштері мен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттері барлау бөлімдері мен бөлімшелерінің оқу-жаттығуды ұйымдастыру және өткізу, әртүрлі басқару органдарының үйлесімділігіне, барлау-жауынгерлік, атыс және соққы тапсырмаларын шебер орындауларына жоғары баға берді.

Қазақстан Республикасының аумағында өткізілген оқу-жаттығудың ерекшелігі Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамынан жедел топтар мен бөлімшелердің құрамына енгізе отырып, ҚР Қарулы Күштерінде бар басқару органдарын өрістету болды.



Ұқсас жаңалықтар