Президент аудан әкімдерін қабылдады

"Түркияға мықты ел болғаны үшін шабуылдайды"

Президент аудан әкімдерін қабылдады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның іште және сыртта үлкен шабуыл астында екенін айтты.  «Осы шабуыл біздің әлсіз ел екенімізді көрсетпейді. Мықты,  нығайған ел болғандықтан шабуыл жасап жатыр» деді ол.

Президент Ердоған Президенттік сарайда аудан әкімдерін қабылдады.

Табыстың бірінші шартының ел тыныштығын,  қауіпсіздігі мен молшылығын қамдау екенін атап көрсеткен президент «15 шілде төңкеріс әрекеті сынды шабуылдарда қолдарындағы барлық күшті қолданды,  әлі деп қолданып отыр.  Түркияның алдында есімдері түрлі әріптерден тұратын, басқаша ұйымдар секілді көрінсе де,  бір ұйым бар.  Біз олардың барлығына жаппай террорлық ұйым дейміз.  Мүшелерін де террорист деп атаймыз.  Олардың барлығы біздің елдің жауы» деді.

 Террор ұйымы ДАИШ-пен күресте жақын уақытқа дейін бірінші кезекке қойған елдердің қазір осы ұйымды қолдауға дейін барғанын білдірген президент: «Аймақтың тарихы,  діні, этникалық құрылымы назарға алынбай, қазақ бетінде жоспармен жүргізілген жобалар жайымен қирап келеді.  Түркия осы хаостың ішінде әрі өз, әрі бауырлары үшін қолынан келгенді істеуге тырысуда» деді.



Ұқсас жаңалықтар