Израильмен жаңа кезең

Түркияның үш шартын орындаған Израильмен жаңа кезең басталады.

Израильмен жаңа кезең

Түркияның қатынастарды қалыпқа енгізу үшін ұсынған үш шартын орындаған Израильмен жаңа кезең басталады.

Израильдің қоршауындағы Газаға көмек жеткізген «Көгілдір Мәрмәр» кемесіне 2010 жылы халықаралық су айдынында израиль әскерлері шабуылдап, 10 адам қаза болғаннан кейін екі ел арасындағы қатынас бұзылған еді.

Алты жылдық дағдарыстан кейін Израильдің кешірім сұрап, Газаға эмбаргоны жеңілдетуі қатынастарды түзету үшін бастама болды. Екі ел өзара өкілетті елшілерін тағайындады.

Екі ел арасында алдымыздағы айларда саяси кеңестер де арта түседі. Артынан жоғары деңгейдегі сапарлар басталады.

Атап айтсақ, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның Израиль сапары үшін дайындықтар басталып кетті.


Этикеттер: Газа , Түркия , Израиль

Ұқсас жаңалықтар