Президент Соса Сola-ның басшысын қабылдады

Президенттік сарайдағы қабылдау баспасөзге жабық өтті.

Президент Соса Сola-ның басшысын қабылдады

Президент Режеп Тайып Ердоған Coca Cola-ның директоры Мухтар Кентті қабылдады.

Президенттік сарайдағы қабылдау баспасөзге жабық өтті.

Coca Cola басшылығы қызметін 8 жылдан бері жалғастырып келе жатқан Мухтар Кент мамыр айында осы міндетінен кетеді.

Ахмет Мухтар Кент 1952 жылы Нью-Йоркта дүниеге келді. Әкесі Неджет Кент сол кезде Францияда Түркияның бас консулы болатын. Тарсус Америка колледжін аяқтаған Мухтар Кент Ұлыбританияда экономика білімін алды. 1978 жылы Coca Cola компаниясына кірді. 1999 жылға дейін осы компанияда түрлі қызмет атқарды. 1999 және 2005 жылдар аралығында Efes Pilsen компаниясында жұмыс істеді.

2005 жылы Coca Сola-ның Солтүстік Азия,  Еуразия және Таяу Шығыс өкілі болды. 2008 жылдан бері компанияның ең жоғары басшысы қызметіне тағайындалды.

Әкесі Неджет Кент Екінші дүниежүзілік соғыс барысында Францияда консул қызметін атқарып жүрген кезде 70-80 Түркия еврейін құтқарғандықтан «Түрік Оскар Шиндлері» деп аталып кеткен.



Ұқсас жаңалықтар