Террор шабуылында өлтірілген орыс елшінің есімі көшеге берілді

19 желтоқсан күні өлтірілген орыс елшісі Андрей Карловтың есімі Анкарада елшілік орналасқан көшеге берілді.

karlov

19 желтоқсан күні террор шабуылында өлтірілген Ресейдің Анкара өкілетті және төтенше елшісі Андрей Карловтың есімі елшілік орналасқан көшеге берілді.

Анкара муниципалитеті тарапынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Ашағы Айыранджыдағы Каряғды көшесінің есімі Андрей Карлов деп өзгертілді.

Анкара Ресей өкілетті елшілігінің ресми интернет парақшасынан да көшенің жаңа есімі жайлы бір фотосурет бөлісті.

Басқа жағынан Андрей Карловтың есімі қарулы шабуыл жасалған Чанкая аудан әкімшілігінің Замандас Өнерлер Орталығындағы көрме залына берілді.



Ұқсас жаңалықтар