Виза дағдарысының жауапкері АҚШ

Ердоған АҚШ-тың Түркиядағы кейбір консульдықтарында тыңшылардың болғанын айтты.

Виза дағдарысының жауапкері АҚШ

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының Түркиядағы кейбір консульдықтарында тыңшылардың болғанын айтты.

Ердоған «Консульдықтардың ішінде Фетуллахшы террор ұйымы үшін жұмыс істеген тыңшылар бар. Бұлар дипломат емес, бұлар тыңшы. Мұндай тыңшылар қазір Америкада да бар. Осы тыңшылар Конгресспен қою араласуда. Бұлардың бәрі шындық» деді.

Ердоған Сербиядан қайтарда журналисттердің сұрақтарына жауап берді.  Түркия мен АҚШ арасында болған виза дағдарысының жауапкерінің АҚШ-тың Анкарадағы төтенше және өкілетті елшісі Джон Басс екенін қайталаған президент кейбір консульдықтарда тыңшылардың болғанын айтты.

Ердоған АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсоннның Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұна дағдарыстың шешімі үшін «Комиссия құрайық» деген ұсыныс жасағанын баяндады.  

Ердоған Ресейден S-400 зымыран қорғаныс жүйесін сатып алуына байланысты бір сұраққа орай «S-400 зымырандарымен байланысты ешқандай қиыншылық жоқ. Бірінші пакетте ортақ өндірісіміз болмайды. Алайда екінші пакеттен бастап ортақ өндірістің қадамдарын басамыз. Құрметті Ресей Президенті Владимир Путинмен кездескенімде S-400 зымыран қорғаныс жүйесін сатып алу жұмысын бітіруді ойлаймын» деді. 


Этикеттер: Америка , Ресей , АҚШ

Ұқсас жаңалықтар