31 террорист залалсыздандырылды

Залалсыздандырылғандар арасында іздеу салынған қызыл тізімдегі террористтер де бар.

31 террорист залалсыздандырылды

Шырнактың Бестлер-Дерелер аймағында бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға бағыттап 2 қараша күні басталған операцияда 31 террорист залалсыздандырылды.

Залалсыздандырылғандар арасында іздеу салынған қызыл тізімдегі террористтер де бар.

Ішкі істер министрлігі аймақта 2 қараша күні басталған операцияда 31 террористтің залалсыздандырылғанын білдірді.

Хабарламада террористтік қылмысқа байланысты қызыл тізімде орын алған PKK/KCK террористі Хүлия Ероғлуның да залалсыздандырылғаны айтылды.

Ероғлуға Анкарада 2016 жылдың ақпан айында 29 адам қаза тапқан және наурыз айында 38 адам қаза тапқан екі бөлек шабуылға байланысты айыпталушы ретінде іздеу салынған еді.



Ұқсас жаңалықтар