Сирияда ДАИШ-тің артынан кезекте не бар?

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калынның «DailySabah» газетінде 2017 жылы 2 желтоқсан күні жарияланған мақаласы.

Сирияда ДАИШ-тің артынан кезекте не бар?

ДАИШ пен Асадтан кейін Сирия көп шығынды геосаяси күш сынасуға сахна болатын тағы бір қауіп-қатерлі әрекетке емес, Сирия халқы мен миллиондаған босқын үшін тойлауға себеп болуға тиісті.

Қазір ДАИШ Сирияда жеңілгеніне қарағанда, АҚШ Үкіметі PKK-ның осы елдегі тармағы – Демократиялық Бірлік Партиясы (PYD) және оның қарулы күші Халықтардың қорғаныс жасақтарына (YPG) берген қолдауын тоқтата ма? Бұл сұрақ 24 қараша күні президент Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Дональд Трамп арасында жүзеге асқан телефон әңгімесінде бағаланды. Трамптың ұстанымы болымды еді және АҚШ-тың YPG-ге берген ауқымды әскери қолдауын бұдан негізінде әлдеқайда бұрын тоқтатуы керектігін де атап айтты. Дегенмен Трамптың мәлімдемесіне қарама-қайшы бір мәлімдемені бірнеше күн өткен соң Пентагон жасады. Осылардың барлығы Сирия, Түркия және Түрік-Американ қарым-қатынастары үшін қандай мағынаға келеді?

Вашингтоннан келген бір-біріне қарама-қайшы екі мәлімдеме қазір АҚШ әкімшілігі ішіндегі дағдарысты, сәйкессіздікті көрсетеді. Президент айтқан сөз нақты, оны мекемелер орындалуға мәжбүр деп қабылдауыңызға болады. Анкараның Вашингтоннан күткені – ДАИШ Ракка және Сирияның қалған жерлерінде жеңілгеннен кейін ПКК-ның Сириядағы тармағына берген әскери, қаржылай және саяси қолдауын доғаруы. Осыған қоса, АҚШ-тық лауазымдылар PYD және YPG-мен ынтымақтастығының «саудаға сүйенгенін және уақытша» екенін түрік тарапына қайта-қайта тілге тиек етіп, бұл топтарға берілген қарулардың жиналатынын да айтқан болатын.

АҚШ-тың Сирияда террормен байланысты бір топқа қолдау беру саясаты бұл топтың ДАИШ-ке қарсы ықпалды күш екені пікіріне сүйенеді. Бұл пікірді одан да заңды қылу үшін АҚШ баспасөзі соңғы екі жыл бойынша YPG қатарындағы әйел жауынгерлерінің фотосуреттері де орын алған сан-алуан хабар жариялады. Бұл хабарлардың көпшілігі PKK мен YPG-нің Сирияда жасаған қылмыстарын, жергілікті халыққа, әрі күрдтерге, әрі арабтарға қарсы жасаған зұлымдық пен қысымдарын, жергілікті халықты күштеп көшіру, демографиялық құрылымды өзгерту, бала жастағы жауынгерлер қолдануын, ауылдарды қиратуларын, оппозициялық саяси партиялар мен оларға тиесілі бюролар мен медиа мекемелерін жабуларын және басқа да сансыз қылмыстарын ақтайтын ерекшелікте еді. Тіпті одан да асып, насихаттауды батыстық оқырмандарға сату үшін өте ықпалды бір құрал ретінде қолданылған, бірақ негізінде әйел денесі мен мінезіне қарсы қорлыққа жататын, әйел символын пайдалана отырып, ПКК терроризмін романтикалық күйде танытты. Бұл саясат секілді көптеген иронияның бірі және ең қызығы: АҚШ-тың қазір Сириядағы ең мықты одақтасы - ол үшін аса маңызды стратегиялық бір одақ болған Түркияға қарсы соғысқан және автономия болуды талап етіп, Сириядан тәуелсіз ел болып бөлінгісі келген Марксист-Ленинист бір террор ұйымы.

«YPG - ДАИШ-ке қарсы ең ықпалды күш» деген пікір шындыққа жатпайды. Егер АҚШ оларға қамтамасыз еткен бұл қолдауды басқа бір топқа бергенде, мысалы Еркін Сирия армиясына (FSA), түрікмендер немесе PKK-ны жақтамайтын күрдтерге, олар да бұл қолдаудың арқасында ең ықпалды күшке айналып, көрші елдер үшін бір қауіпсіздік мәселесіне жол ашпай, ДАИШ-ке үлкен соққы енгізе алар еді. АҚШ мұны жасаудың орнына басқа оппозициялық топтарды сыртта қалдырып, Марксист-Ленинист және ұлтшыл бөлшектеуші террорист бір топпен жұмыстануды таңдады.

Бұл жағдай әрі Сирияның шекара тұтастығы, әрі Түркияның ұлттық қауіпсіздігі тұрғысынан маңызды мәселе. АҚШ, ДАИШ жеңілгеннен кейін YPG-ді қарусыздандырып, бақылауға ала ала ма және одан әрі бұл топтың Сирияның саяси бірлігі мен шекара тұтастығын қамдайтынына кепілдік бере ала ма? Бұл еш мүмкін көрінбейді. Өйткені АҚШ PYD мен YPG-ді өз мүддесі үшін қалай қолданса, PYD мен YPG де АҚШ үкіметін өз нысаналары үшін қолданады.

Түркияның бұл саясатқа қарсы наразылығына келетін болсақ, бұл наразылық толығымен заңды, өйткені PYD мен YPG-ге берілген әр қолдау жанама немесе кейбір жағдайларда қайталанғандай тікелей түрде PKK-ға берілген қолдау болып табылады. Қорытып айтқанда, Түркияның ұлттық қауіпсіздігін бұзады. YPG-ге жіберілген әр қару мен оқ-дәрі PKK-ның болмысын ұзарту үшін басылған бір қадам.

Қазір ДАИШ Сирияда жеңілгеніне қарағанда, АҚШ әкімшілігі PYD және YPG-мен байланысын үзуге тиісті және Сирияның саяси бірлігі мен шекара тұтастығын, Женева мен Астана Бейбітшілік келіссөздері шаңырағы астында кепілдікке алуға назар аудару керек. Сириялық оппозиционерлер 22 қараша күні Эр-Риядта айтқандай Башар Асад саяси өзгерістің бір бөлшегі ретінде кету керек. Өйткені Асад Сирияның бірлігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін, кепілдікке алатын бір тұлға емес. Иран мен Ресей Асадты өздерінің ең мықты одақтасы ретінде қабылдаса да, Сириядағы мүдделерінің Асад биліктен кетпейінше жүзеге аспайтынын түсіну керек.

Дегенмен қазір ортада одан үлкен және одан маңызды бір мәселе бар! Сирияда стратегиялық және топырақпен байланысты пайдалардың ізіне түскен елдер ДАИШ-тен кейінгі Сирияда жаңа бір күш соғысының ұшқынын жағуда. Ресей мен Иран Асадты билікте ұстап, Сириядағы болмыстарын жалғастырғысы келеді, басқа жағынан АҚШ Евфраттың шығысында болмысын сақтауға тырысып, оларға қарсы бір күш құруға тырысады. Дегенмен бұл жағдай Сирия мен арғы жағында тек қана жаңа қақтығыстар мен тұрақсыздыққа жол ашады. Сириядан үлес алу үшін басталған бұл жарыс елде жаңа этникалық және мәзхабтық дағдарыс, Сирияның бөлшектеуіне себеп болатын жаңа бір кезеңді және артынан қауіп толқынын ортаға шығаратын бір ортаға айналуы мүмкін.

Мұны жасау гөрі орнына барлық елдер Сирия мемлекеті мен елінің саяси өзгерісіне және елдің иесі – Сирия халқына беруге назар аудару керек. Сирия халқымен бірге елдің саяси бірлігі, өзгерісі және тұрақтылығына бағыттап жұмыстану барлық мүдделестердің пайдасына. Сирияны басқа бір күш майданына айналдыру ешкімге пайда әкелмейді.

ДАИШ пен Асадтан кейін Сирия көп шығынды геосаяси күш сынасуға сахна болатын тағы бір қауіп-қатерлі әрекетке емес, Сирия халқы мен миллиондаған босқын үшін тойлауға себеп болуға тиісті



Ұқсас жаңалықтар