ТҰҰМ АҚШ-тың «қатерлі қадамын» қабылдамағанын жариялады.

Трамп: АҚШ Өкілетті елшілігін Иерусалимге көшіру шешімі ұзақ уақыт бұрын қабылдануға тиіс еді.

ТҰҰМ АҚШ-тың «қатерлі қадамын» қабылдамағанын жариялады.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) АҚШ-тың Иерусалим тақырыбындағы «қатерлі қадамын» қабылдамағанын жариялады.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде саяси тобы бар партиялар тарапынан Жалпы Кеңесте қабылданған ортақ декларациямен АҚШ-тың «қатерлі қадамы» деп бағалаған Иерусалимді Израильдің бас қаласы ретінде тану жоспарын, нақты және даусыз түрде қабылдамау еркін халықаралық қоғамға жария етті.

Президент Режеп Тайып Ердоған Терусалим тақырыбындағы соңғы жаңалықтармен байланысты телефон дипломатиясы аясында Сауд Арабиясы королі Селман Абдүлазиз Ал Сууд және Катар Әмірі Шейх Тәмім бин Хамед әл Санимен сөйлесті.

Әңгіме барысында екі басшыға да Иерусалимді Израильдің бас қаласы ретінде тану бастамасының аймақтың бейбітшілік пен тұрақтылығы тұрғысынан алаңдаушылық туғызатынын жеткізді.

Президент Ердоған келіссөздерде Таяу Шығыста тұрақты бейбітшіліктің жолының 1967 жылғы шекаралармен белгіленген, бас қаласы Шығыс Иерусалим болған тәуелсіз және егемен бір Палестина мемлекетін құру екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар