"Қатынастарға оң көзбен қарау керек"

Ердоған Афиныдағы сапарында Грекия премьер-министрі Алексис Ципраспен бас қосты.

"Қатынастарға оң көзбен қарау керек"

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия мен Грекияның екі жақты қатынастарға оң бағыттан қарауы керектігін айтты.

Ердоған Афиныдағы сапарында Грекия премьер-министрі Алексис Ципраспен бас қосты.

Өз сөзінде екі елдің бірігіп істейтін көп жұмысы бар екенін атап көрсеткен Ердоған: «Ыдыстың бос жағын тастап,  толы жағына қарайық. Келіссөздерді осылай қалыптастырғанымыз жөн. Негізінде халықтарымыздың бір-біріне жақын жақтар көп. Біз Түркия ретінде ешбір көрші елдің территория тұтастығына көз тікпейміз» деді.

«Біз тарихта бірге болған елдерміз.  Грекияда қандастарымыз бар,  бізде сіздердің қандастарыңыз тұрады. Тарихтағы кейбір қателер салдарынан грек азаматтарымыз кетіп қалды. Енді ол қателерді артта қалдырайық. Болашақты бірге құруымыз керек. Бұл үшін істелетін көп жұмыс бар. Егер шыныменен келіссек, проблемаларды шеше аламыз» деді ол.

Ердоған Грекия халқына өз атынан және түрік халқы атынан алғыс білдірді.

Грекия премьер-министрі Ципрас та Түркия мен Еуропа Одағы арасында 2016 жылы қол қойылған көш келісіміне тоқталып: «Түркия уәделерін орындап,  Эгей теңізіне көш ағынын тоқтатты. Осылайша келісімге бағыныштылығын көрсетті» деді.

«Түркия Республикасы президенті тарапынан ондаған жылдан кейін бірінші рет ұйымдастырылған осы сапардың алдағы уақытта басылатын батыл қадамдар үшін үлкен мүмкіншілік екеніне сенемін» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар