S-400 зымыран жүйесін сатып алу ісі нәтижеленеді

Путин мен Ердоған кездесуден кейін баспасөз өкілдерінің алдына шықты.

S-400 зымыран жүйесін сатып алу ісі нәтижеленеді

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алу ісінің осы аптада нақтыланатынын білдірді. 

Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин биылғы сегізінші рет Анкарада бас қосты. 

Екі басшы шамамен бір сағаттық оңаша кездесуден кейін баспасөз өкілдерінің алдын шықты.  Бүкіл әлем күткен кездесуге байланысты мәлімдеме жасаған президент Ердоған сөздерін Путинді Түркияда тағы бір рет қонақ қылғанына риза екенін тілге тиек етіп бастады. 

Түркия-Ресей қарым-қатынастарының барлық салада жалғасуда екенін айтқан президент саяси теңгерімнің гуманитарлық, сауда-экономикалық, туристік және энергия салаларына да әсер еткенін атап көрсетті. 

Ердоған Ресеймен сауда айналымының жылдың алғашқы 10 айында 30 пайыз артқанын білдірді.  аккую ядролық стансасы секілді ортақ жобалардың қысқа уақытта жүзеге асырылуының маңызына тоқталды. 

Путинмен өңірлік проблемаларды да қолға алғандарын білдірген Ердоған Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамптың Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде жариялау шешімінің әлемде наразылық туғызғанын айтты. Ердоған мұсылман, христиан және еврейлердің де көңілінің құлазығанын айтты. 

Трамптың мәлімдемесінен бері Израиль полициясының 4 палестиналықты шейіт етіп,  2 мың адамды жаралағанын еске салған Ердоған Иерусалим проблемасына көзқараста Путинмен бірдей ойда екендерін білдірді.

Қонақ президентпен Сирияағы жағдайды да қолға алғандарын баяндаған Ердоған Астана процесінің кепілгер елдері ретінде Ресейдің Сочи қаласында болған саммитке ұқсас тағы бір саммит болуы мүмкін екенін атап көрсетті. 

Ердоған Ресейден S-400 зымыран жүйесін алу тақырыбында істердің осы аптада нақтыланатынын білдірді. 

Қонақ президент Владимир Путин болса Сирия мәселесінде Түркиямен тығыз ынтымақтастық бар екенін айтып,  осы ел территориясының көбінің террористтерден тазаланғанын білдірді.

Путин Түркиядан бұрын Сирияда мемлекет басшысы Башар Асадпен саяси процес үшін Сирия Ұлттық диалог конгресін тақылағандарын атап көрсетті. 

Путин Сирияда шешім үшін Ердоғанның ынталарының мақтауға татитынын білдірді. Иерусалим тақырыбында болса АҚШ әкімшілігін "бейбітшілік процесіне кедергі келтіретін бір шешім" деп сынады.

Орыс басшы Иерусалимнің мәртебесі тақырыбының тек Израиль мен Палестина арасында тікелей келіссөз арқылы шешілетінін айтты. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар