Шабуылдарды тоқтатуға үлес қосуын сұрады

Президент Ердоған мен президент Путин сөйлесті.

Шабуылдарды тоқтатуға үлес қосуын сұрады

Президент Режеп Тайып Ердоған орыс әріптесі Владимир Путиннен Сирияның Идлиб және Гута аймақтарына жалғасып жатқан шабуылдардың тоқтатылуына көмек сұрады. 

Екі басшы бүгін кешке телефонда сөйлесті. 

Орыс тарабының талабы болған телефон әңгімесінде екі жақты қатынастар мен ядролық ынтымақтастық және Сирия проблемасы талқыланды. 

Ердоған Асад әкімшілігінің Идлиб және Гута аймақтарында жазықсыз адамдарға қарсы шабуылдарын тоқтату үшін Путиннен үлес қосуын сұрады. 

Ресей президенті Владимир Путин болса телефон әңгімесі жөнінде мәімдемесінде Ресейдің Сириядағы скери базасына соңғы күндердегі шабуылдарды еске салып: "Бұлармен түрік әскерінің де,  түрік билігінің де қатысы жоқ. Осы шабуылдардың артында кім тұрғанын білеміз" деді. 

Хмеймим базасына ұшқышсыз әуе аппаратымен шабуылдың мұқият жоспарланғанын атап көрсеткен Путин мақсаттың Түркия секілді серіктермен қатынастарды бұзу екенін айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар