Тағы екі ауыл террористтерден азат етілді

ТҚК Зәйтүн бұтағы операциясында тағы екі ауылды террористтерден тазалады.

Тағы екі ауыл террористтерден азат етілді

Түрік Қарулы күштері мен Еркін Сирия армиясы Сирияның Африн аймағында жалғасып жатқан Зәйтүн бұтағы операциясында тағы екі ауылды террористтерден тазалады.

Зәйтүн бұтағы операциясының 28-інші күнінде Түрік Қарулы күштері мен Еркін Сирия армиясы Африннің батысындағы Раджу өңірінде Хасан Келкави және Джелеме ауылдарын террорлық ұйымнан құтқарды.

ТҚК және операцияға қолдау берген ЕСА жасақтары операция басталған 20 қаңтардан бері PYD/PKK басқыншылығы астындағы Африннің 5 өңірінде бір орталық, 44 ауыл, 3 елді мекен және 17 тау-төбе, барлығы 65 жерді азат етті.

Осы арада операция аясында Хатайдың Рейханлы,  Кырыкхан және Хасса аудандарының қарсы жағына дөп келетін шекараның арғы жағындағы террористтер бекіністері атқыланды.



Ұқсас жаңалықтар