Калын АҚШ-тан күткен талаптарды айтты

Калын Түркияның Америка Құрама Штаттарынан күткен талаптарын түсіндірді.

Калын АҚШ-тан күткен талаптарды айтты

Президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Ибрахим Калын Түркияның Америка Құрама Штаттарынан күткен талаптарын түсіндірді.

Калын «Түркия АҚШ-тан не күтуде» атты мақаласында АҚШ-тың террор ұйымы PKK/KCK/PYD/YPG-ге қолдау көрсеткенін сынға тартты.

Калын «Жасалған келісім бойынша АҚШ әкімшілігінің әрі PYD/YPG, әрі FETÖ жөнінде кейбір қадам басуы керек. Өйтпеген жағдайда талай жылдан бергі қарым-қатынастарымыз бен одақтастығымыз қатты зиян көреді. Сондықтан өткен күндерде өткізілген кездесулерден нәтиже шығуы керек» деді.

Калын мақаласында «АҚШ-тың террор ұйымдарының орнына одақтастарымен жұмыс істейтін уақыты келді» деген үндеу тастады.

 



Ұқсас жаңалықтар