НАТО Бас хатшысы Столтенберг Анкараға келді

Столтенберг Қорғаныс және Сыртқы істер министрлерімен кездесті.

НАТО Бас хатшысы Столтенберг Анкараға келді

Столтенбергті ТР Ұлттық қорғаныс министрі Нуреттин Джаникли қарсы алды.

Артынан делегациялар кездесуі өтті.

Джаникли кездесуден бұрын НАТО Бас хатшысына «Терроризммен күрестегі көрсеткен түсіністік және қолдау үшін алғыс айтамыз» деді.

Кездесуден кейін Йенс Столтенберг ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен бас қосты. Кездесуде терроризммен күрес,  Түрік Қарулы күштерінің Сириядағы операциялары, Түркия мен НАТО қарым-қатынастары, 2018 жылғы НАТО саммитінің дайындықтары талқыланды.

Столтенбергті президент Ердоған да қабылдайды.



Ұқсас жаңалықтар