Екі сайлау бірге өткізіледі

Түркияда 24 маусым күні мерзімінен бұрын сайлау өткізілуіне шешім берілді.

Екі сайлау бірге өткізіледі

Түркияда 24 маусым күні президенттік сайлау және   депутаттық сайлау бірге өткізіледі.

Премьер-министр Бинали Йылдырым Чанкая сарайында баспасөзге мәлімдеме жасады.

Йылдырым: «Мерзімінен бұрын сайлау өткізу шешімі еліміз бетпе-бет тұрған мәселелер назарға алынып қабылданды» деді.

Йылдырым Конституция және үкімет жүйесі өзгерісіне байланысты референдумнан кейін елдің қауіпсіздік проблемалары назарға алынғанда осында шешім алу қажеттілігі туындағанын білдірді.

Жоғары сайлау кеңесі төрағасы Сади Гүвен болса 24 маусымда өтетін сайлау үшін дайындық толық екенін хабарлады. Кеңес төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінен жарияланатын сайлау заңын күтетіндерін айтты.  «Мәжілістен заң шыққан жағдайда, Атазаңға орай президенттік сайлаумен бірге екі сайлауды бірге өткіземіз. Сайлау күнтізбесі дайындықтары басталды, 1-2 күнде тамамдап, үрдісті бастаймыз» деді ол.

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше 24 маусым күні мерзімінен бұрын сайлау өткізілетінін хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар